Сәрсенбі, 19 наурыз, 02:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№20,2133
18.03.2025
PDF мұрағаты

Көктемгі мерзімді әскерге шақыру науқаны басталды

18.03.2025

81 0

Облыста көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны басталды. Биыл көктемде 900-ге жуық сырбойылық азамат Отан алдындағы борышын өтеуге аттанады. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық қорғаныс істері жөніндегі депаратементі бастығының орынбасары Жасұлан Шаңқұлов айтты.

– 1 наурыз бен 30 маусым аралығында 18-27 жастағы 900-ге жуық қызылордалық азамат еліміздің Қарулы күштері мен әскери құрылымдарында қызметтерін өтейді. Нақтырақ айтқанда, 120-ға жуық азамат ҚР ҰҚК Шекара қызметіне, 430 азамат ҚР Қарулы күштерінің қатарына, 270-і Ұлттық ұланға жіберіледі. Сонымен қатар, 15-ке жуық сарбаз Мемлекеттік күзет қызметіне, ал 20-ға жуық азамат Төтенше жағдайлар министрлігіне жолданады. Қазіргі таңда ҚР ҰҚК Шекара қызметіне аттандыру жұмыстары жүргізілуде. Осыған орай, Қызылорда облысы бойынша 80-ге жуық азамат әскери борышын өтеуге жөнелтілді. Айта кету керек, сарбаздардың мерзімді қызмет кезінде несие мерзімін 1 жылға тоқтатуға және білім беру секторында жеңілдіктер қарастырылған,- деді Жасұлан Бөгенбайұлы.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: