Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде көлік-транзит саласын дамыту және цифрландыру мәселесі қаралды.
Оған облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов селекторлық режим арқылы қатысып, осы және өзге де мәселелерге орай жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
«Жоспарланған жол сапалы салынып, жыл соңына дейін мерзімінде бітуі тиіс. Әсіресе асфальт төсеу кезіндегі жұмыс барысы қатаң бақылауда болсын.
Қала, аудан әкімдерімен бірлесіп, мәдени-көпшілік іс-шаралар өтетін қоғамдық орындар мен нысандар тізімін нақтылап, өрт қауіпсіздігінің сақталуын қамтамасыз етіңіздер. Талапқа сай келмейтін пиротехникалық бұйымдарды пайдалануға жол бермеу керек. Оларды сақтайтын және сататын орындарға рейдтік жедел-профилактикалық шаралар ұйымдастырыңыздар.
Мереке өтетін нысандарда өрт сөндіру және қоғамдық тәртіпті сақтау қызметтері кезекшілікке тұруы тиіс. Корпоративтік кештер өтетін мейрамхана иелеріне өрт қауіпсіздігіне қатысты түсіндірме жүргізіңіздер. Медициналық қызмет те күшейтілген режимде жұмыс істеуі қажет», – Данияр Еренғалиұлы.
Облыс аумағынан 3 545 шақырым жергілікті маңызы бар жол өтеді, оның ішінде 1 024,5 шақырымы республикалық, 555 шақырымы облыстық, 1 965,5 шақырымы аудандық маңызы бар жолдар.
Биыл жергілікті жол инфрақұрылымын дамытуға бюджеттен 46 млрд 644 млн теңге бөлінді. Бұл қаржыға 329 шақырым автожол жөнделіп, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдар үлесі 95 пайызға жеткізілмек. Сонымен қатар, 3 учаскеге автоматтандырылған өлшеу станциялары орнатылады.
Облыс аумағынан 1051 шақырым теміржол желісі өтеді. «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясына қарасты 8 теміржол вокзалы, 2 қызмет көрсету пункті бар.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
