Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Шіркейлі», «Жаңадария», Сыздық каналдарындағы көпірлерді қалпына келтіру жұмыстарын тексерді.
«Шіркейлі» каналындағы көпірді жөндеуді қолға алған бас мердігер «Жылу 21» ЖШС 24 аралық балка және 250 аралық плита орнатты, 4 аралықтың беті бетондалды. Арнасы тазартылып, бетон конструкциялары сырлануда. Жиектегі тіреулерге плита орнату және кірме жолды жөндеу қарқын алған. Құрылыс материалдары толық жеткізіліп, жұмысқа 20 адам мен 5 техника жұмылдырылған.Сыздық каналындағы жұмысты да аталған серіктестік жүргізуде. Каналдың табаны мен жиектері тегістеліп, бетондалды. Құрылыс материалдары жеткілікті, көпір басында 12 адам, 3 техника жұмыс істеуде.Жаңадария каналындағы көпірге «Best Stroi Grup инжиниринг» ЖШС құрылыс материалдарын жеткізіп, бетондап, сырлауда. Кірме жолға топырақ төселген. Қалпына келтіру жұмыстарын 26 адам, 4 техника атқаруда.Аймақ басшысы ең бастысы сапаға мән беріп, жөндеу жұмыстарын мерзімінде аяқтауды тапсырды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!