Сенбі, 28 желтоқсан, 03:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін жазаланды

01.11.2023

531 0

Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 517-бабы 5-бөлігі бойынша  (шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) Өзбекстан Республикасының 3 азаматына  қатысты әкімшілік құқық бұзушылық  туралы істер қаралды.

Ағымдағы жылдың қазан айының басында Өзбекстан Республикасының азаматтары Қалжан ахун ауылында құрылыста заңсыз, тиісті рұқсат алмастан, жұмыс атқарғаны анықталды.

Сотта құқық бұзушылар өз кінәлерін мойындап, жасаған іс-әрекеттеріне өкініш білдірді.

Сот қаулыларымен Өзбекстан Республикасының 3 азаматы  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 517-бабы 5-бөлігі бойыншакінәлі деп танылып,   әкімшілік айыппұл салынды.

Қаулылар занды күшіне енген.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: