Жексенбі, 22 желтоқсан, 15:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Көшпенділер ойыны: мерей – үстем, мәртебе – биік

14.09.2024

364 0

Тұлпар шапса, тұяғы тозатын, құс ұшса, қанаты талатын Алтай мен Атырау арасындағы ұланғайыр атырапта жануардың тектісі – жылқының үстінде еркін өскен қазақ баласының биыл дүниежүзілік көшпенділер ойынын ұйымдастырып жатқанын айтып, бөркімізді аспанға ата мақтандық. Әрине, қанымызға сіңген дағды мен қасиет біздің аспанға атқан малақайымыздың таяу маңда төмен түспейтінін сездірсе керек. Алақайымыздың жақын маңда басылмайтынына сендірсе керек.

Ә дегеннен қарсыластарға көктен қарадық, әрбір күнімізді сәттілікке баладық. Ал күні кеше осы байрақты бәсекеде кімнің бәсі биік болды, кімнің жолы болмады, жалпы қоржындағы олжаны санадық.

Көшпенділер ойынына 100-ден астам мемлекеттен 4000-ға жуық спортшы қатысты. Сарыарқаның сайын даласында 100 мыңдаған турист Еуразияның кіндігіндегі айбынды Астанадағы жетістіктерімізді көрді. Ат спорты, ұлттық күрес, садақ ату, жамбы ату, дәстүрлі интеллектуалды ойындар, саятшылық өнер, арқан тарту сынды ойынның 20 түрінен, ғасырлар бойы халқымызбен біте қайнасып келе жатқан ұлттық өнердің 10 түрінен арнайы көрсетілім сайысы өтті.

Айтпақшы, бір күнде 30 мың келушіні қабылдайтын этноауылда Қазақстан мен әлем елдерінің үздік қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі, шеберлік сабақтары, ақындар айтысы мен төл мәдениетімізді паш ететін қосымша іс-шаралар ұйымдастырылды. Бұл іске Сыр өнерпаздары да атсалысып, ауқымды шараның ойдағыдай өтуіне үлес қосты.

Сонымен, дүниежүзілік көшпенділер ойынында көш бастаған кім? Бізге жеңіс сыйлаған 114 медальді тарқатып айтсақ, 44 алтын, 33 күміс пен 37 қола медальға қол жеткіздік. Бізден кейінгі орында Қырғызстан 64 медальмен қоржынын толтырса, Ресей 46 медальға ие болды. Төртінші орынға табан тіреген Өзбекстаннан кейін түркиялықтар 6 медальді қанағат тұтты.

Осындай көтеріңкі көңіл күймен V дүние­жүзілік көшпенділер ойынының жабылу салтанаты да жоғары дәрежеле қтті. Қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары, «Наз» мемлекеттік би театры және Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік акаде­миялық филармониясы, «Қамбарқан» фольк­лорлы-этнографиялық ансамблі (Қырғыз Республикасы) және «Меломен» тобы қатысты.

«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: