Жексенбі, 25 қаңтар, 17:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№6 (2218)
24.01.2026
PDF мұрағаты

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтуде

25.01.2026

56 0

Фото: Облыс әкімдігі

Бүгін Астана қаласында Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтуде. Комиссияға Конституциялық соттың төрағасы Эльвира Азимова жетекшілік етеді, орынбасарлары – Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.


Құрамына Парламент депутаттары, мәслихаттар төрағалары, БАҚ өкілдері, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдардың, өңірлердегі қоғамдық кеңестер мен ғылыми қоғамдастық өкілдері, сарапшылар кірді.
Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев комиссия мүшесі ретінде отырысқа қатысуда.
Еске салсақ, Мемлекет басшысы Конституциялық реформа жөніндегі комиссияны құру туралы Жарлыққа қол қойып, комиссияның ережесі мен құрамы бекітілген болатын.
Конституциялық комиссия елдегі саяси-құқықтық реформаларды жүйелеу, Ата заңға енгізілетін ықтимал өзгерістерді сараптау және ұсыныстар әзірлеу бағытында жұмыс жүргізеді. Оның құрамында еліміздің өңір басшыларының арасынан Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бар.
Эльвира Азимова Конституциялық реформаның басты мақсаты мен міндеттеріне тоқталды. Атап айтсақ, Жұмыс тобының мүшелерінен бөлек, азаматтардың ұсынысын ескеру. V Ұлттық құрылтайда Президент ұсынған мемлекеттік билікті бір палаталы Парламентке – Құрылтайға өткізу, Халық кеңесін құру, Вице-президент лауазымын енгізу және басқа да мәселелерді жан-жақты әрі кешенді түрде зерделеп, пысықтау.
Кеңейтілген құрамдағы Конституциялық комиссияның құрылуы осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстың қисынды жалғасы, сондай-ақ бірнеше айға ұласқан пікірталастар барысында қалыптасқан ауқымды қоғамдық сұранысқа берілген жауап болды.
Қазақстан Республикасы саяси жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басуда. Мемлекет басшысы әрі қарайғы дамудың институционалдық тепе-теңдікті нығайту, заң шығарушы биліктің тиімділігін арттыру, тежемелік тепе-теңдік жүйесін күшейту, сондай-ақ қоғамның мемлекеттік басқаруға қатысуын қамтамасыз ететін конституциялық механизмдерді жаңарту арқылы ғана мүмкін екенін айқын атап көрсетті.
Отырыста Ерлан Карин Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының атқарған ісіне тоқталып, Ұлттық құрылтайда көрсетілген бағыт-бағдарларды атап өтті.
Басқа да комиссиялар мүшелері алдағы маңызды мәселелер бойынша ойларын ортаға салды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: