Сенбі, 30 қараша, 09:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№95-2105
30.11.2024
PDF мұрағаты

КРЭК: Байқау жариялайды

15.01.2024

669 0

Сурет: Қызылорда КРЭК

«Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ 60 жылдық мерейтойына орай мекеменің логотипін әзірлеу бойынша конкурс туралы ереже

І.Жалпы ережелер
1.1. «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ 60 жылдық мерейтойына орай логотипін әзірлеу бойынша Конкурсы (бұдан әрі – Конкурс) компанияның логотипінің жобасын іріктеу үшін жарияланады. Үздік жоба компанияның логотипі ретінде қорытылады және бекітіледі.
1.2. Конкурстың басталуы туралы хабарландыру облыстық  БАҚ-да және әлеуметтік желілерде жарияланады .

ІІ. Конкурстың басты мақсаттары

2.1. «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ 60 жылдық мерекесіне сәйкес және компанияның жұмысын насихаттау арқылы Қызылорда облысының тарихын баяндау керек.
2.2. «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ бірыңғай бейнесін жарқын символ арқылы қалыптастыру.

ІІІ. Жобаларды іріктеу критерийлері
3.1. «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ  логотипінің жобаларын әзірлеу комиссияға ұснылғанда компанияның 60 жылдық мерекесіне сәйкес және компанияның жұмысын насихаттайтын, Қызылорда облысының тарихын баяндау туралы негізгі элементтері бар өлшемдер (көзқарас) негізінде жүзеге асырылады.
3.2. Жобаны іріктеу кезінде мынадай өлшемдер қолданылады:

– идеяның ерекшелігі мен жаңалығы;
– жан-жақтылығы;
– компанияның брендінің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі;
– орындау эстетикалығы.

IV. Конкурсты өткізу мерзімі

4.1. Конкурс келесі кезеңдерде өткізіледі:
1-кезең: БАҚ-та, әлеуметтік желілерде, «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ үшін логотип әзірлеу конкурсын жариялау;
2-кезең: конкурс 2024 жылы  15 қаңтардан бастап 12 ақпан аралығында өткізіледі.
3-кезең: конкурстың қорытындысы 2024 жылғы 13-15 ақпан аралығында шығарылады.


V. Конкурсқа қатысушылар
5.1. Конкурсқа Қызылорда облысында тұратын заңды және жеке тұлғалар қатыса алады:
– суретшілер, дизайнерлер;
– студия-дизайны;
– жарнамалық агенттіктер;
– көркем мектептер мен колледждер – Дизайн, бейнелеу өнері және т. б. факультеттерінде оқитын студенттер.;
– шығармашылық одақтар мен бірлестіктер;
– барлық мүдделі тұлғалар.
Конкурсқа қатысу ашық және тегін.
Әрбір қатысушы жұмысқа қойылатын барлық талаптарды сақтаған жағдайда конкурсқа бір жұмыс ұсынады.

Ережеге қосымша (үлгі)
КОНКУРСҚА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМ
Жоба атауы
Автордың Т.А.Ә.
Жұмыс орны
Қатысушы туралы қысқаша ақпарат (қосымша түрінде ресімделуі мүмкін)
Байланысушы тұлға (Т.А.Ә. (толық), тұрғылықты мекенжайы, телефон (үй телефоны, ұялы телефоны), e-mail (міндетті түрде)
Конкурс туралы ережесімен таныстым және оның шарттарын қабылдаймын.
Автор
Күні (қолы)

Сонымен қатар конкурс арнайы комиссиялық құрамның шешімімен анықталады. Комиссияның қорытындысы бойынша жеңімпаз арнайы жүлде алады.


IX. Қатысушының міндеттемелері
9.1. Конкурсқа қатысушы конкурсқа ұсынылған өзі туралы мәліметтер дұрыс болып табылатынына кепілдік береді.
9.2. Конкурсты өткізу барысында, жұмыс авторлары жіберілген логотиптерді, егер олар болса, конкурстың қазылар алқасының ұсынымдарын ескере отырып пысықтауы қажет.
9.3. Конкурсқа жұмыстарды жіберу қатысушының Осы Ережемен танысқандығын және конкурсты өткізу тәртібі мен шарттарымен келісетінін растау болып табылады.

Х. Авторлық құқықтар
10.1. Конкурсқа қатысушы жұмыстың авторлық құқықтарының сақталуына осы жұмысты конкурсқа жіберген қатысушы жауапты болады.
10.2. Конкурсқа өз жұмысын бере отырып, авторлар конкурсты ұйымдастырушыларға жіберілген материалдарды коммерциялық емес мақсаттарда (Интернетте, баспа басылымдарында, көрмелік стендтерде, баннерлерде орналастыру) пайдалануға автоматты түрде құқық береді.
10.3. Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаз «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ шығармашылық қызметтің нәтижесі ретінде логотипке қатысты мүліктік емес және мүліктік құқықтарды өтеусіз беру туралы шарт жасасады.


ХІ. Сыйлықтар мен марапаттар
11.1. Конкурс нәтижелері туралы барлық қатысушыларға электрондық пошта арқылы хабарланатын болады.
11.2. Конкурс жеңімпазы туралы мәліметтер «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ «Facebook» https://www.facebook.com/?locale=ru_RU және «Instagram» https://www.instagram.com/kettk.ak/ парақшаларында жарияланатын болады. 11.3. Конкурс жеңімпазына диплом, ақшалай сыйлық табыс етіледі.
ХІІ. Байланыс ақпараты
12.1. Конкурс ұйымдастырушысы «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ
Байланыс телефоны: 8(7242) 50 44 89, 70-16-29.
E-mail: bektibai.b@mail.ru

VI. Конкурстық материалдарды ұсыну тәртібі
6.1. Өтініштер  bektibai.b@mail.ru электронды мекен-жайға қабылданады:
6.2. Материалдар конкурсқа электронды түрде ұсынылады
6.3. Өтінімге мыналар кіреді:
– түсті шешімде ұсынылған логотип;
– қажетті байланыс деректерін көрсете отырып, қатысушы туралы ақпарат (Т.А.Ә., ұйымның атауы, тел., электрондық мекен-жайы). Осы мәліметтер көрсетілмеген жұмыстар конкурсқа жіберілмейді;
– конкурстың әрбір қатысушысы онымен байланысты қолдауға мүмкіндік беретін толық байланыс ақпаратын көрсетуге міндетті;
– ұсынылған логотип сипаттамасы және көлемі 200 сөзден аспауы, логотип дизайны элементтерінің құндылық-мағыналық мазмұнын ашып көрсету арқылы еркін түрде түсіндіру қажет.


VII. Конкурстық жұмыстарға қойылатын талаптар
7.1. Барлық бейнелерді сандық форматқа көшіре отырып, қол эскиздерінен 3D – рендерге дейін берудің кез келген техникасы рұқсат етіледі. Конкурста қарау үшін суреттер PNG форматында, көлемі 700х700 рх аспауы тиіс. Файл көлемі 500 Кб аспауы тиіс.
7.2. Логотипті әзірлеу кезінде «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» ҚР 1999 жылғы 26 шілдедегі № 456-1 Заңында (2019 жылғы 21.01 жағдайы бойынша өзгерістермен және толықтырулармен) жазылған талаптарды ескеру қажет.
7.3. Бағалау критерийлері:
– Ұсынылған жұмыстың бірегейлігі, түпнұсқалығы, сапасы.
– Масштабталу. Логотиптің негізгі графикалық элементтері танылуын жоғалтпастан, кез келген мөлшерде – кішірейтуге де, ұлғаюына да ойнатылуы тиіс.
– Бейімділігі. Логотиптің негізгі графикалық элементтері танылуын жоғалтпастан, кез келген тасығыштарда (Қағаз, картон, пластик, шыны және т.б.) және кез келген жағу тәсілімен ойнатуға жарамды болуы тиіс.


VIII. Конкурсты өткізу тәртібі
8.1. Осы Ереженің талаптарына сәйкес келіп түскен материалдар конкурстың қазылар алқасының қарауына беріледі.
8.2. Байқаудың қазылар алқасы ұсынылған дизайн мен логотиптерден жеңімпазды таңдамауға және тиісінше сыйлықпен марапаттамауға құқылы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: