Жексенбі, 24 қараша, 19:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Күтушінің күйеуі 4 жасар баланы жол бойындағы дәретханаға лақтырған

26.09.2023

481 0

Семейде күтушінің күйеуі төрт жасар баланың мәйітін жолдың бойындағы дәретханға лақтырған, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Бұл туралы «НеМолчиKZ» қоры әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Қордың хабарына қарағанда, оқиға қыркүйектің басында болған.

Анасы баланы күтушіге қалдырып кеткен. Қайтып келгенде күтуші баланың танысының үйінде екенін айтты. Кейінірек баланың қайтыс болғаны анықталды.

Күтушінің айтуынша, бала ұстамасынан қайтыс болған. Ал күйеуі ізін жасыру үшін сәбидің мәйітін спорттық сөмкеге салып, тасжолдың бойындағы әжетханаға лақтырып жіберген.

Қазір бұл іс бойынша тергеу болып жатыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: