Сенбі, 16 қараша, 03:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№91-2101
16.11.2024
PDF мұрағаты

Мәжіліс депутаты Рахымжанов: «Саусақ іздерін тіркейтіндей, бізде концлагерь бар ма?”

28.09.2023

470 0

Фото: parlam.kz

Мәжіліс депутаты Асхат Рахымжанов құжат рәсімдеу кезінде азаматтардан саусақ іздерін алуға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мәжіліс кулуарында ол “азаматтардан саусақ іздерін тіркейтіндей, бізде концлагерь бар ма?”- деп сауал жолдады.

Депутаттың пікрінше, саусақ іздерін алу рәсімі халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын қиындата түседі. Ондағы кезектердің  пайда болуына әкелетінін айтты.

Сонымен қатар Рахымжанов «процедураға қатысудан бас тартқаны үшін айыппұл  қаншалықты дұрыс?» деген сұраққа қатысты өз пікірін білдірді.

«Менің ойымша, мүлдем дұрыс емес және мүмкін емес», – деді Асхат Рахымжанов.

Депутат бұл мәселе  алдағы уақытта мәжілісте қаралатынын айтты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: