Сенбі, 10 мамыр, 00:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33, 2146
06.05.2025
PDF мұрағаты

Маған жалған психологтер мен «коучтар» үстінен түсетін шағым көбейіп кетті – Президент

14.03.2025

187 0

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың IV отырысында құқық қорғау органдарын жалған психологтар мен «коучтардың» әрекетіне жіті бақылау орнатуды тапсырды, – деп хабарлайды Қазақпарат.

– Құрылтай мүшелері тағы бір жайтқа алаңдаушылық білдіріп отыр. Соңғы кезде ел ішінде түрлі алаяқтық әрекеттер жиілеп барады. Теріс пиғылды адамдар қайырымдылыққа деп ақша жинап, оны жеке басының пайдасына жаратады. Сондай-ақ көп адам интернет-алаяқтардан зардап шегуде, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы құрылтайда сөз алған заңгер Айгүл Орынбектің ұсыныстарына қолдау білдірді.

– Бұдан бөлек, қазір жұртқа ақыл айтып ақша табатын жалған психологтар мен «коучтар» көбейіп кетті. Оларға сеніп, алданып қалғандар көп. Маған бұл туралы көптеген шағым түсіп жатыр. Бұл мәселені Құрылтай мүшесі Айгүл Орынбек дұрыс көтеріп отыр. Жауапты органдар бұл мәселені де назарға алуға тиіс, – деді Президент.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: