Сәрсенбі, 05 қараша, 23:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№84, 2196
04.11.2025
PDF мұрағаты

Майталман мамандар марапат мінберінде

05.11.2025

55 0

Бүгін А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде «Еңбек мерейі – ел құрметі» тақырыбында мерекелік кеш өтті. Түрлі сала қызметкерлерін марапаттау салтанатына арналған шараға қала әкімі Нұржан Ахатов, қалалық мәслихат төрағасы Ибадулла Құттықожаев қатысты.

Майталман мамандар марапат мінберінде
Майталман мамандар марапат мінберінде

Кеште шаһар басшысы Нұржан Сәбитұлы Мемлекет басшысының Қызылорда облысына жасаған жұмыс сапарындағы іс-шараларды ұйымдастыруға және «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына белсенді атсалысқан азаматтарға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың алғысын жеткізді.

Майталман мамандар марапат мінберінде
Майталман мамандар марапат мінберінде
Майталман мамандар марапат мінберінде

«Өткен аптада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы өңірімізге жұмыс сапарымен келіп, ел игілігіне бағытталған ірі инвестициялық, инфрақұрылымдық және өндірістік жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Ел Президенті облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлының аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен мәдени-рухани өрлеуінің мол мүмкіндігін ашқан қажырлы қызметіне, Сыр еліндегі байыпты бастамаларға жоғары бағасын берді. Облыстың жарқын болашағына сенім білдірді.
Өз кезегінде аймақ басшысы да Қызылорда облысының өсіп-өркендеуіне, халқымыздың әл-ауқатының артуына атсалысқан, ортақ іске жұмыла білген азаматтарды лайықты бағалайды. Бұл еңбекке деген мәртебелі құрмет.
Бүгінгі арнайы шарада Нұрлыбек Машбекұлы Сіздерге ыстық ықыласын арнап, облыстың ең жоғары марапаты – «Құрмет грамоталары» мен алғыс хаттарын табыстауды тапсырды», – деді Нұржан Сәбитұлы.

Майталман мамандар марапат мінберінде

Салтанатты кеште түрлі салада еселі еңбек етіп жүрген, Мемлекет басшысының жұмыс сапарындағы іс-шаралардың жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан және республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасында белсенділік көрсеткен майталман мамандарды марапаттап, құрмет төріне шығарды.

Майталман мамандар марапат мінберінде
Майталман мамандар марапат мінберінде
Майталман мамандар марапат мінберінде

Дайындалған концерттік бағдарламада әннен шашу шашылып, көптің көңілі көтерілді.

Айта кету керек, соңғы жылдары аймақ басшысының қолдауымен және тың бастамаларымен Сыр шаһары қарқынды дамыды. Қала бюджеті еселеп артып, халыққа ең қажетті әлеуметтік нысандар бой түзеді. Тұрғын үй кезегіндегі отбасылар баспана бақытына кенеліп, инфрақұрылымдық жобалар сәтті жүзеге асты.

Майталман мамандар марапат мінберінде
Майталман мамандар марапат мінберінде
Майталман мамандар марапат мінберінде
Майталман мамандар марапат мінберінде
Майталман мамандар марапат мінберінде

Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы бойынша Қызылорда – еліміздегі ең таза қалалардың көшін бастады. Дәстүрге берік, үлгісі озық қызылордалықтар жасампаз ісімен жарқын жолынан жаңылмайды.

Майталман мамандар марапат мінберінде
Майталман мамандар марапат мінберінде

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: