Сейсенбі, 08 шiлде, 17:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№49,2162
05.07.2025
PDF мұрағаты

Мал шаруашылығының дамуы мен ветеринариялық бақылау мәселелері талқыланды

08.07.2025

72 0

Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен мал шаруашылығының дамуы, ветеринариялық бақылау және саланы цифрландыру мәселелері талқыланған Үкімет отырысы өтті. Оған ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режим арқылы қатысты.

Мемлекеттік қолдаудың арқасында өңірде мал басы өсіп, өнім көлемі артуда. Өткен жылы Қызылорда қаласында 800 басқа арналған тауарлы-сүт фермасын құруға 3,2 млрд. теңге бөлінді. Биыл 11 млрд. теңгеге екі сүт-тауарлы ферма салу жоспарланған. Өңірде мал азығы дақылдары 73 600 гектарға егілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 400 гектарға артық.

Ерте көктемде көлдер жүйесін толтыру арқылы76 200 гектар жайылымдық, шабындық жер суғарылды. 2025-2026 жылдарға 958 мың тонна табиғи шөп, 192 мың тонна жем және 157 мың тонна сабан дайындау жоспарлануда. Жоңышқаның бірінші орымынан 111 300 тонна жиналды. Жаппай шөп дайындау жұмыстары шілде айының екінші жартысынан басталады.

Аса қауіпті 13 жұқпалы мал ауруының алдын алу үшін 6,3 млн. доза ветеринариялық препараттың 4,5 млн. дозасы жеткізілді. Облыс аумағындағы Сібір жарасы көмінділері бақылауда. Ветеринариялық нысандарға қатысты ұсыныстар енгізіліп, биыл 6 жаңа ветпункт салынады. Өткен жылы 7 ветпункт іске қосылды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: