Бейсенбі, 29 мамыр, 18:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39,2152
27.05.2025
PDF мұрағаты

Маусымнан бастап жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізіледі

28.05.2025

154 0

Фото: ҚазАвтоЖол

1 маусымнан бастап жүк көліктерінің қозғалысына жазғы шектеу енгізіледі, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы мәліметінше, бұл шаралар күннің ыстығында жол жабындысын сақтауға және қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етуге бағытталған.

Шектеу мерзімі:

  • еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде 1 маусымнан 31 тамызға дейін;
  • солтүстік және шығыс өңірлерінде 1 маусымнан 15 тамызға дейін.

«Шектеу +25°C-тан жоғары ауа температурасы кезінде, күндізгі уақытта енгізіледі», – деп жазылған хабарламада.

Өңірлер бойынша

1 маусымнан 31 тамызға дейін сағат 10:00-22:00 аралығында мына аймақтарда қозғалысқа шектеу қойылады:

  • Алматы облысы;
  • Атырау облысы;
  • Жамбыл облысы;
  • Жетісу облысы;
  • Ұлытау облысы;
  • Қарағанды облысы;
  • Қызылорда облысы;
  • Түркістан облысы;
  • Маңғыстау облысы.

1 маусымнан 15 тамызға дейін сағат 11:00-21:00 аралығында мына аймақтарда қозғалысқа шектеу қойылады:

  • Абай облысы;
  • Ақмола облысы;
  • Ақтөбе облысы;
  • Шығыс Қазақстан облысы;
  • Батыс Қазақстан облысы;
  • Қарағанды облысы;
  • Қостанай облысы;
  • Павлодар облысы;
  • Солтүстік Қазақстан облысы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: