Сейсенбі, 24 желтоқсан, 00:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Мемлекет басшысы: Елімізде заманға сай жаңа өндірістер ашуға мүмкіндік жетеді

07.02.2024

410 0

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы индустрия саласында мықты орта кәсіпкерлікті қалыптастыру қажеттігін айтты деп хабарлайды aqmeshit-aptalygy.kz Ақорданың телеграм арнасына сілтеме жасап.

«Келесі маңызды міндет. Индустрия саласында мықты орта кәсіпкерлікті қалыптастыру қажет. Мен осы мәселені бірнеше рет көтердім. Алайда, әлі күнге дейін жүйелі жұмыс жоспары жасалған жоқ. Қандай басымдықтар болуы керек, кәсіпкерлерге қандай қолдау көрсетіледі деген сұрақтардың жауабы әзірге белгісіз.

Жалпы, елімізде заманға сай жаңа өндірістер ашуға мүмкіндік жетеді. Мысалы, ірі мұнай-газ және тау-кен компаниялары жер қойнауын игеру кезінде озық технологияны пайдалана отырып, ұлттық экономиканың құрылымын өзгертуге тиіс.

Елімізде жол және құрылыс техникасын, энергетика саласына, суару жүйесіне қажетті құрал-жабдықтар мен басқа да көптеген дайын өнім шығаруға болады. Мұндай өндірістерді қазірден бастап қолға алмасақ, құрал-жабдық импортына толық тәуелді болып қалуымыз әбден мүмкін. Сондықтан индустриялық саясат инфрақұрылымды жаңғырту және минералды-шикізат кешенін дамыту жоспарына сай жүргізілуі өте маңызды. Осы орайда, еліміз машина жасау саласында біршама табысқа жетті»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: