Сейсенбі, 20 қаңтар, 16:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№4 (2216)
17.01.2026
PDF мұрағаты

Мемлекет басшысы экономика мен энергетика туралы: Кадрлық ауыс-түйіс жасауға тура келетін сияқты

20.01.2026

49 0

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев V Ұлттық құрылтайда Үкімет құрамында кадрлық ауыс-түйіс болуы мүмкін мәлім етті, – деп хабарлайды KAZINFORM

– Бұл жағдайда менің танымал экономистерге деген үлкен ескертпем бар. Энергетиктерге де ұқсас ескертпе бар. Кадрлық шешімдер қабылдауға тура келетін сияқты. Біздің басты стратегиялық мақсатымыз – сапалы экономикалық өсім қарқынын бәсеңдетпеу. Осы мақсатпен инфляцияны төмендету бағытында жұмыс басталды. Жаңа инвестициялық цикл жарияланды, басқа да шешімдер қабылданып жатыр. Экономика мен бизнес жаңа салық ережелерінің режиміне көшіп жатыр. Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар біркелкі, жанжалсыз «фискалдық транзитті» қамтамасыз етуге міндетті, – деді Мемлекет басшысы.

Президент жаңа Салық кодексін қолдану кезінде жұрттың сын-ұсыныстары мұқият зерделеніп, қажет болған жағдайда түзетулер енгізілетінін атап өтті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: