Бейсенбі, 30 қазан, 21:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№82,2194
29.10.2025
PDF мұрағаты

Мемлекет басшысы Қызылорда қаласындағы орталық стадионға барды

30.10.2025

66 0

Президент Қызылорда қаласындағы 11 мың көрерменге арналған жаңа футбол стадионын аралап көрді.

Мемлекет басшысы Қызылорда қаласындағы орталық стадионға барды
Мемлекет басшысы Қызылорда қаласындағы орталық стадионға барды
Мемлекет басшысы Қызылорда қаласындағы орталық стадионға барды

Нысанның құрылысы биыл қазан айында аяқталған. Жаңа спорт кешені UEFA талабы бойынша IV санатқа сай келеді.

Аренада халықаралық сайыстармен бірге мәдени іс-шараларды өткізуге болады.

Кешенде бокс, күрес, спорттық гимнастика, ауыр атлетика және басқа да спорт түрлеріне арналған залдар бар.

Мемлекет басшысы «Қайсар» футбол клубының ойыншыларымен әңгімелесті.

«Қайсар» – елімізде жеке меншікке өткен алғашқы клубтардың бірі. Алдағы уақытта футбол академиясы салынады. Клубтың келешегі жарқын болады деп ойлаймын. Баршаңызға табыс тілеймін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Кездесу соңында Президент футбол добына қолтаңба қойды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: