Жұма, 31 қазан, 01:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№82,2194
29.10.2025
PDF мұрағаты

Мемлекет басшысының тапсырмасы: инвестициялық климатты жақсарту және бизнеске қолайлы жағдай жасауды жалғастыру

30.10.2025

65 0

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыр еліне жұмыс сапарымен келіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуымен, өндіріс, инфрақұрылым, мәдениет және спорт нысандарымен танысты.

Мемлекет басшысының тапсырмасы: инвестициялық климатты жақсарту және бизнеске қолайлы жағдай жасауды жалғастыру

Сапар «Қорқыт ата» халықаралық әуежайының жаңа терминалын аралаудан басталды. Мемлекет басшысына өткізу мүмкіндігі жылына 300 мың жолаушыдан 500 мыңға дейін артқан әуе айлағының тіркеу және тексеру аймақтары, шекаралық-кедендік бақылау пункттері, күту залы, сондай-ақ автоматтандырылған жүк беру жүйесі көрсетілді.
Өнер орталығында аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысы, «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар, облыс орталығы мен елді мекендерді абаттандыру жөнінде есеп берді.
Инвестициялық жобалар таныстырылып, Orient Ceramic KZO компаниясының қыш тақта өндіретін зауыты, Fabe Agro жылыжай кешені, With You қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін кәсіпорны, Seven Rivers Technologies компаниясының шыны ыдыстар, Roka Group компаниясымен бірлескен санитарлық-техникалық бұйымдар өндірісі және басқа да жобалар жөнінде баяндалды. Шыны кластерін дамыту, бу-газ қондырғысы, тау-кен байыту фабрикасы, кальцийлендірілген сода өндіру зауыты, тауарлы сүт фермасы жобаларын іске асыру жоспары жайында айтылды.
Өткен жылдың наурыз айында ашылған 1000 орындық көпфункционалды Өнер орталығы бүгінде қала сәулетіне ерекше сән берген ғимаратқа айналды. Мұнда симфониялық, эстрадалық және ұлттық өнер бағытындағы концерттік бағдарламалар, шығармашылық кештер, түрлі форматтағы қоғамдық іс-шаралар өткізілуде.
Осы орталықта өңір жұртшылығымен кездескен Қасым-Жомарт Тоқаев
аймақтың жоғары даму қарқынына тоқталып, алдағы уақытта да ауқымды жұмыс атқарылатынын айтты.
Мемлекет басшысы «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясын, «Қызылорда-нан» цехын, жылу-электр орталығын, 11 мың орындық жаңа стадионды, үстел теннисі орталығын, тарихи-өлкетану музейін көріп шықты.
Алдағы жоспарларды уақытылы және сапалы іске асыру, инвестициялық климатты жақсарту және бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.
Сапардан соң облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Аймақ басшысы Президент сапарын жоғары деңгейде ұйымдастыруға атсалысқан азаматтарға және облыстық басқармалар мен мекемелер қызметкерлеріне алғыс білдірді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы: инвестициялық климатты жақсарту және бизнеске қолайлы жағдай жасауды жалғастыру
Мемлекет басшысының тапсырмасы: инвестициялық климатты жақсарту және бизнеске қолайлы жағдай жасауды жалғастыру
Мемлекет басшысының тапсырмасы: инвестициялық климатты жақсарту және бизнеске қолайлы жағдай жасауды жалғастыру

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: