Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 22:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Мемлекет және қоғам қайраткері Алмагүл Божанқызы өмірден өтті

04.06.2024

569 0

Бүгін мемлекет және қоғам қайраткері, Қызылорда облысының құрметті азаматы Алмагүл Божанқызы дүниеден өтті.

Алмагүл Божанова 1946 жылы 14 наурызда Сырдария ауданы Қызылөзек ауылында дүниеге келеген. Ол  Мәншүк Мәметова атындағы қыздар педагогикалық училищесін  Қызылорда педагогикалық институтын яғни қазіргі Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетін бітірген.

1964 – 1972 жылдары Тереңөзек ауданындағы Шаған ауылында балалар бақшасының меңгерушісі болса, кейін Бесөзек ауылындағы мектепте мұғалім болып жұмыс істеген. 1972 – 1977 жылдар аралығында комсомол комитетінің бірінші хатшысы, 1977 – 1983 жылы А.Тоқмағанбетов ауылында мектеп директоры болды. Ал 1983 – 1992 жылдары партия комитетінің хатшысы, Тереңөзек ауданы Кеңесін атқару комитетінің орынбасары, төрағасы қызметтерін атқарса, 1992 – 1999 жылдар аралығында Тереңөзек ауданының әкімі болды. Сондай-ақ 1999 және 2003 жылы облыстық Мәслихаттың депутаты, хатшысы болып сайланды.

Алмагүл Божанова «Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған, Республикалық ұлттық Кеңестің мүшесі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: