Сенбі, 14 ақпан, 17:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№12 (2224)
14.02.2026
PDF мұрағаты

Мемлекеттік басқару академиясы: Жаңа Конституция қоғамдық қатынастардың құқықтық реттелуін жетілдіреді

14.02.2026

61 0

Фото: видеодан алынған скрин

Мемлекеттік басқару академиясы директор орынбасары Құралай Садықова «Референдум-2026» атты онлайн-марафонда жаңа Конституция жобасы мемлекеттік органдардың халықпен жұмыс қағидатын өзгертетінін айтты, – деп хабарлайды KAZINFORM 

– Ең бастысы, қоғамдық қатынастар құқықтық тұрғыдан реттеле түсті. Әрбір азамат өзінің бостандығы аяқталған жерде, басқа адамның бостандығы мен құқығы басталатынын дұрыс түсіну керек. Ол шектен асып кетуге болмайды. Бұл заң бұзу болып есептеледі, – деді сарапшы.

Мемлекеттік басқару академиясы директор орынбасары жаңа Конституция күнделікті өмірде моральдік қағидаттармен қатар құқықтық қағидаттарды да сақтап жүру әдетін қазақстандықтардың өмір салтына айналдыратынын айтады.

– Мұның екінші жағы бар. Құқық нормалары, заңдар әлеуметтік әділдік тұрғысынан қалыптастырылуы керек. Егер мемлекеттік аппарат пен халық арасындағы қарым-қатынас туралы айтсақ, Ата заң жобасында екеуін екі жаққа бөлетін түсінік жоқ. Өйткені мемлекеттік биліктің бастауы халық екені айқындалған. Ол өзінің өкілдері өкілдік демократия қағидаты арқылы сайлайды. Конституцияның талабы бойынша, кез келген өтініш, ұсыныс адамға бағдарланған қағида арқылы қарастырылуы керек, – деді Құралай Садықова.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: