Бүгін Мұғалімдер күні қарсаңында Өнер орталығында өткен салтанатты шарада облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев өскелең ұрпаққа тағылымды тәрбие, озық білім беру ісінде зор жауапкершілік арқалаған мәртебелі мамандық иелерін, Мемлекет басшысының қолынан мемлекеттік награда алған ұстаздарды құттықтады.
«Күні кеше мерекеге орай Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы бір топ ұстаздарды Ақорда төрінде қабылдап, мемлекеттік наградаларды табыстады. Салтанатты қабылдауда жерлестеріміз, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Жанбершиева Ұлжан Нахатқызы «Парасат» орденімен наградталды. Ардагер ұстаз Серекеева Күміскүл Дүйсенқызына «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы берілді. Марапат иелерін барша Сыр жұртшылығының атынан шын жүректен құттықтаймын!», – деді аймақ басшысы.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!