Жексенбі, 22 желтоқсан, 22:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Мемлекеттік тіл ұлт мәртебесі

22.11.2023

750 0

Сурет: https://news.arsu.kz/?p=22816

Мемлекеттік тіл ұлт мәртебесі. Тіл қарым-қатынас құралы болуымен бірге оны тұтынушы халықтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, ұлттық болмысын, мәдени байлығын, сан ғасырларға созылған даму тарихын ұрпақтан ‑ ұрпаққа жалғастырып жеткізуші, жинақтаушы  қызметін атқарады. Қазақ халқының ана тілі ‑ қазақ тіліне мемлекеттік тіл ретінде басымдылық берілетінін негіздеген Ата Заңымызға, Қазақстан Республикасының «Тіл туралы заңына» және  «Тілдерді қолдану мен дамыту туралы мемлекеттік бағдарламаларға» сай қазақ тілі еліміздің бүкіл аймағанда қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу қазақ тілі болуы тиіс.

Сонымен қатар, соттар саласындағы қызметкерлерге мемлекеттік тілді үйрету сабақтары тұрақты түрде ұйымдастырылып жүргізілуде. Қазіргі уақытта барлық құжаттар, іс қағаздар мемлекеттік тілде орындалады.

Тіл білімі- мәдениеттілігіміз бен ел жандылығымыздың нышаны. Әрбір ісіміз мемлекеттік мүддені ұлықтап, халықтың абырой-беделін көтеретін, рухы биік, мәдениеті мәртебелі ұрпаққа берілетін ұлттық тәрбиемен бағытталғаны дұрыс.

        Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру-тек мемлекеттік қызметкердің ғана емес, барша қазақстандықтарға ортақ міндет. Әрбіріміз ана тіліміздің айыбын көтеруде белсенділік танытуымыз қажет. Оны жүзеге асырамын деген азаматқа аса салмақ түсе қоймайды. Қарапайым қоғамда қазақ тілінде сөйлеп, іс қағаздарды да осы тілде жүзеге асырсақ, мемлекеттік тілдің мәртебесі өздігінен арта берері сөзсіз. Бұл-біздің негізгі тірегіміз.

   Қазақстандықтардың ертеңгісі мен бүгінін айқындайтын, тамырын түбегейлі жайып оның мықты болуына ықпал ететін тіл жағдайының түзелуіне әртүрлі қадамдар жасалып жатыр. Оның әрі қарай жалғасы болу үшін, барлық мекемелерде іс-қағаздары толық мемлекеттік тілде жүргізіліп, бұл жұмыстың тұрақтылығы қадағаланып отырылуы қажет. Тіліміз тарих тереңіне бойлаған кәусар бұлағына сусындаған рухани әлеміміздің сарқылмас қазынасы. Сондықтан, қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне сай қолданылу аясын кеңейте түсу қажеттігі заңды құбылыс. Осыған орай,  мемлекеттік тілде сөйлеу, хат алмасу, тек қана мемлекеттік қызметшінің парызы емес, бүкіл Қазақстандықтың міндеті.  Мемлекеттік тіл мәселесіне байланысты мемлекет өз тарапынан жасалуға тиісті нәрсенің бәрін жасап жатыр.

Тіл халықпен бірге жасайды, дамиды, өркендейді. Ең бастысы ‑қай жерде болсын, өз тілімізді өзіміз дәріптеуіміз, құрметтеуіміз керек. Сонда ғана туған тілін сыйлай білетін ұрпақ тәрбиелей аламыз.

 Мемлекеттік тіл – тек қазақтың тілі емес,  Қазақстанда тұратын барлық ұлттардың ұлтаралық ортақ тіл. Қазақстан Республикасында тұратын таза ниеті бар әрбір азамат, мемлекеттік қазақ тіліне өзіне тірек етіп, ол тілді жүрегімен сүюі тиіс.

Мемлекеттiк тiлдi меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы.

                                                                         Ж.Пазылова

                                                                         Қызылорда облысының мамандандырылған

                                                                         ауданаралық экономикалық соты

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: