Сейсенбі, 27 мамыр, 23:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39,2152
27.05.2025
PDF мұрағаты

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ – 2025» ұлттық конкурсының қалалық деңгейдегі бірінші кезеңі басталды!

27.05.2025

127 0

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ – 2025» ұлттық конкурсының қалалық деңгейдегі бірінші кезеңі басталды!

Конкурсқа қатысуға еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері жоғары отбасылар жіберіледі.

Қызметі Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған ұйымдардың құрамына кіретін (кірген) мүшелері бар; бұрын сотталған мүшелері бар отбасылар конкурсқа қатыса алмайды.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар тізімі:

1) ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;

2) асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін – жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;

3) неке қию туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);

4) Ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі- бар болса;

5) Балаларды тәрбиеленгені үшін алған көтермелеулердің, белгілі бір жетістіктері үшін алған көтермелеулердің бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

6) балалардың, ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жұмыс (оқу) орнынан анықтамалар және мінездемелер;

7) ұсынымдар (әріптестерінің, көршілерінің, достарының);

8) отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері.

Аталған құжаттарды жинақтап, сканерлеп, түрлі-түсті портфолио жасап төмендегі мекен-жайға ұсынады. Сонымен бірге, отбасын таныстыру мақсатында отбасылық көріністер бейнеленген 1,5-2 минуттық видеоролик жасап ұсыну қажет.

Жеңімпаздарды анықтау мақсатында құрылған комиссия отырысында портфолио мен видеороликті қарау арқылы жеңімпаздар анықталады.

«Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық конкурсына құжаттар 2025 жылғы 15 маусымға дейін қалалық қоғамдық даму бөлімінде қабылданады.

Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Ы.Жақаев көшесі №16 үй (қала әкімдігінің ғимараты), 306 – кабинет, байланыс телефоны: 26-39-54, 27-20-81.

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ - 2025» ұлттық конкурсының қалалық деңгейдегі бірінші кезеңі басталды!

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: