Жұма, 14 наурыз, 17:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№18,2131
08.03.2025
PDF мұрағаты

Мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру жұмыстары пысықталды

14.03.2025

19 0

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен жиында жоспардағы мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру барысы пысықталды. Оған қала, аудан әкімдері мен жауапты сала басшылары қатысты.

​Аймақ басшысы алдағы міндеттерді айқындап, нақты тапсырмалар жүктеді.

«Мерекеге орай облыс орталығы мен аудандарда ашылатын нысандардың дайындығын қадағалаңыздар. «Наурызнама» онкүндігінің барлық іс-шарасы жоғары деңгейде ұйымдастырылуы керек. Әр күннің идеологиялық маңызын, жас ұрпаққа берер тағылымын, тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлауын басты назарда ұстау қажет. Сонымен қатар, коммуналдық мекемелердің үздіксіз жұмысын, сапалы қызмет көрсетуін қатаң бақылауға алыңыздар. Бұл бағытта ешқандай мәселе туындамауы тиіс», – деді Н.Нәлібаев.

Басқосуда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасымен тазалық, абаттандыру және көгалдандыру аясында атқарылатын жұмыстар да нақтыланды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: