Сейсенбі, 23 желтоқсан, 23:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№98 (2210)
23.12.2025
PDF мұрағаты

Микро және шағын бизнесті қолдау мәселесі қаралды

23.12.2025

59 0

Фото: Облыс әкімдігі

Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде микро және шағын бизнесті қолдау шаралары туралы мәселе қаралды. Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режим арқылы қатысты.

Микро және шағын бизнесті қолдау мәселесі қаралды


Үкімет отырысынан кейінгі мәжілісте аймақ басшысы шағын бизнесті қолдаудың оңтайлы әрі тиімді тетіктері арқылы кәсіп иелерін сүйемелдеудің маңызын атап өтті.

Микро және шағын бизнесті қолдау мәселесі қаралды


«Іскер аймақ» бағдарламасы аясында қаржылдандыру үшін экономикалық қызметтің басым түрлерінің тізбесін айқындап, тиісті ұсыныс енгізу керек. «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы, Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктері бірлесіп, «Ауыл аманаты» жобаларын осы бағдарлама арқылы қаржыландыруды кеңейтіңіздер.Алдағы жылға «Ауыл аманаты» жобасына 5,6 млрд. теңге бөлінген. Жаңа жобаларды қараған кезде ең алдымен, ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытуға және өнім өңдеуге басымдық берілуі тиіс», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Микро және шағын бизнесті қолдау мәселесі қаралды
Микро және шағын бизнесті қолдау мәселесі қаралды


Бүгінде облыста шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 20 пайыздан асты. Экономикалық белсенді тұрғындардың үштен бірі осы салада еңбек етеді.
Биыл шағын және орта бизнестің 2 464 жобасына барлық қаржы көзінен 40 млрд теңге қолдау көрсетілді. Мемлекеттік қолдаудың арқасында өндірістік нысандар іске қосылып, тамақ өнеркәсібіне бағытталған шағын өнеркәсіптік аймақтар құрылды.
Алдағы үш жылда 2 трлн 800 млрд теңге қаржы салынған 98 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланды.

Микро және шағын бизнесті қолдау мәселесі қаралды

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: