Египетте ТМД туристері мінген автобус аударылып, жол-көлік оқиғасы салдарынан 40-тан астам адам зардап шекті, деп хабарлайды Cairo 24 басылымы.
Басылымының хабарлауынша, жол-көлік апаты 10 қарашада Рас-Сидр қаласында болған.
«Зардап шеккендердің 31-і – Ресей мен Украинадан, үшеуі – Қазақстаннан, үшеуі – Әзербайжаннан, тағы төртеуі мысырлық екені анықталды.
Зардап шеккендердің барлығы медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді. Болған жайтқа қатысты тиісті хаттама жасалды. Сондай-ақ, қажетті шаралар қабылданды», – деп жазды Cairo 24.
Жол-көлік апаты Суэц шығанағының жағасындағы Рас-Сидр қаласының маңында болғаны белгілі.
Оқиғаның себептері анықталып жатыр.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!