Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 07:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Нүкенованы өлтірген күні «Гастро-орталықтағы» видеолар өшірілген – Астананың бас прокуроры

20.11.2023

477 0

Фото: massaget.kz

Астананың бас прокуроры Ерлан Өтегенов Салтанат Нүкенова өлтірілген күні «Гастро-орталықтағы видеоның өшірілгені туралы ақпаратты растады, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Журналистер Астананың бас прокурорынан елордалық кәсіпкерлермен кездесудің кулуарында әйелін өлтірді деген күдікті Қуандық Бишімбаевқа қатысты тергеу барысын сұрады.

Прокурорға «Бейнекамералардағы жазбалар өшірілді» дейді, бұл рас па?» деген сұрақ қойылды.

«Иә, мұндай факті болды, бейнекамералардағы жазбалар қалпына келтірілді», – деп жауап берді Өтегенов.

Еске салайық, бұған дейін экс-министр Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінгені хабарланды. Кейін ол қамауға алынды. 11 қарашада Бишімбаев уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: