Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мерекесі қарсаңында аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Сырдария ауданы Нағи Ілиясов ауылына газ қосу рәсімі өтті. Оған Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Парламент Мәжілісінің депутаттары Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев және зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары қатысты.
Облыс әкімі тұрғындарды Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен және ауылдағы ағайын көптен күткен игіліктің іске асуымен құттықтады.«Жеңіс күні – елдік пен ерліктің, батылдық пен қаһармандықтың мерекесі!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Сыр өңіріне жасаған жұмыс сапарында осы ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысып, «Нағи Ілиясов басқа ауылдарға да үлгі болуы қажет.
Сондықтан өзге облыстар да ауылдарды осылай дамытады деп ойлаймын», – деп жоғары бағасын берген болатын.
Ауылды гүлдендіріп, өнімді еңбектің арқасында туған өлкенің дамуына тұрақты қолдау көрсеткен Қазақстанның Еңбек Ері, Қызылорда облысының құрметті азаматы Абзал Ералиевтің еңбегін ерекше атап өткен жөн.

Бұған дейін тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында жаңа дәрігерлік амбулатория, «Еңбек аллеясы» ашылған еді. Қазір халыққа қалтқысыз қызмет етуде.
Бүгін міне, мерейлі мереке қарсаңында Нағи Ілиясов ауылын газға қосу рәсіміне жиналдық. «Көгілдір отын» баршаңызға құтты, берекелі болғай!» – деді Н.Нәлібаев.
Салтанатты шарада ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен Мәжіліс депутаты Мұрат Ергешбаев құттықтауын жеткізіп, ел ағасы, Қызылорда облысының құрметті азаматы Ибрагим Әбибуллаев батасын берді.Рәсімнен соң оған қатысушылар ауылды аралап көрді. Оқу-ағарту министрі мектепке барып, білім ошағының жұмысымен танысты.
Аймақта газдандыру жобаларына қаржы бөлініп, 330 шақырым газ желілері тартылды. Бүгінде өңірді газбен қамту деңгейі 78 пайызға жетті. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 83 пайызға дейін арттыру жоспарланған. Бұған дейін де еліміздегі ең сәулетті, берекелі ауылдардың қатарында аталатын Нағи Ілиясов елді мекені«Үздік туристік ауыл – 2025» ұлттық байқауының қорытындысымен де республикадағытуристік ауылдардың үздік бестігіне енді.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!