Жексенбі, 01 ақпан, 13:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№8 (2220)
31.01.2026
PDF мұрағаты

Нартай Сәрсенғалиев: «Жаңа Конституция қазақ тілінде түсінікті, нақты жазылған жаңа құжатқа айналды»

01.02.2026

41 0

Фото: Мәжіліс баспасөз қызметі

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Нартай Сәрсенғалиев Жаңа Конституцияның мазмұнына және тілдік ерекшелігіне тоқталды.

«Жаңа Конституция мәтінінің бірден байқалатын басымдығы – оның қазақ тілінде тілге жеңіл жазылып, оңай оқылуы. Заң терминдері мен құқықтық құжаттардағы құрмалас сөйлемдер қабылдауға қиын дегенді естуші едік. Бірақ Жаңа Конституция сол қасаң қағидаларды жойып, қазақ тілінде түсінікті, нақты жазылған жаңа құжатқа айналды. Бұл тәржіманы қалыпты құбылысқа айналдыру талайға сабақ болады деген ойдамыз. Жаңа Конституцияның мәтінімен танысқанда өзіміз Мәжіліс қабырғасында көтеріп жүрген тақырыптарды түгендедік. Ол – ғылым, ол – мәдениет, ол – инновация. Айналып келгенде, адам капиталына саяды. Шикізатты шетке сатып, шіреніп жүрген кезеңнің келмеске кеткені кеше. Бүгінгі талап басқа. Басты капитал – адамның ақылы. Ғалымдарымызға лайықты жағдай жасай алмай, артынан ақылды бастар мен дарынды жастар шекара асып, шетелге кетіп, сан соғып отырғанымыз кеше ғана еді. Бүгін сол кемшілікті жоятын кезеңге келдік», – деді депутат.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: