Жексенбі, 16 наурыз, 17:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№19,2132
15.03.2025
PDF мұрағаты

Наурызнама: Бүгін – Шаңырақ күні

16.03.2025

12 0

Фото: Egemen.kz 

Наурызнама онкүндігінде 16 наурыз отбасылық құндылықтарды дәріптеуге арналған. Шаңырақ отбасының тұрақтылығы мен ұрпақтың жалғасуының символы, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі. 

Статистикалық мәліметтерге тоқталсақ. Былтыр Қазақстанда 123,6 мың неке тіркелді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 2,2%-ға артық. Орташа неке жасы: ерлер – 27,9 жас, әйелдер ¬– 25,2 жас. Ең көп неке шілде айында тіркелген – 13 739.

Отбасы – бұл әр адамның өміріндегі басты құндылық, күш, қуат, жақсылық, үйлесімділік көзі. Қазақ халқы отбасының адам өміріндегі маңыздылығын, оның білім берудегі және болашақ ұрпақты тәрбиелеудегі рөлін терең түсінген. «Жанұясыз адам – жеміссіз ағаш», «Баланың бас ұстазы – ата-анасы», «Отбасының сәні – сыйластық», «Ата – асқар тау, ана – бауырыңдағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ», «Атасыз үй – батасыз, анасыз үй – панасыз» деген мақалдың өзі соның айғағы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: