Жексенбі, 22 желтоқсан, 08:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Несиелік демалыс»: Қазақстанда несие бойынша төлем мерзімін қалай кейінге шегеруге болады

05.06.2023

561 0

Әдетте адамдар «несиелік демалысты» қарызды өтеуден белгілі бір уақытқа босату кезеңі деп түсінеді. Бірақ шын мәнінде бұл жай ғана кейінге қалдырылған төлемдер болып табылады. Оларды ерте ме, кеш пе бәрібір төлеу керек. Мысалы, әскери қызметшілер өз қызметін атқарып жүрген кезінде несие мен кредит бойынша пайыздарды төлеуді кейінге қалдыруы мүмкін. Алайда белгілі бір санатқа жатпайтын қарыз алушылар «несиелік демалысты» рәсімдеу үшін қаржылық жағдайының нашарлағанын дәлелдеуге тиіс. Бұл жағдайда кредит төлемін кейінге қалдыру шарттары өзгеше болады.

Банктер мен микроқаржы ұйымдарынан (МҚҰ) алынатын «несиелік демалыс»

Еске сала кетейік, 2020 жылы пандемия уақытында төтенше жағдайға байланысты «несиелік демалыс» алуға болатыны туралы хабарланған болатын.

Қарыз алушылар банкке мерзімін ұзарту туралы өтінішпен жүгіне алады немесе қазіргі мәселесін шешудің мынадай жолдарын ұсына алады:

сыйақы мөлшерлемесін төмендету;

қарызды толығымен немесе бір бөлігін есептен шығару (айыппұлдар, өсімпұлдар, комиссиялар), бірақ мұны банкроттықпен шатастырмау керек;

несиенің мерзімін немесе оны өтеу әдістерін өзгерту және т.б.

https://kaz.nur.kz/nurfin/2023141-nesielik-demalys-qazaqstanda-nesie-boiynsa-tolem-merzimin-qalai-keiinge-segeruge-bolady

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: