Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев 10 қаңтарда «Қызылорда – Астана» бағытындағы ұшақ бортында адам өмірін құтқарып қалған жерлесіміз Дінмұхаммед Бектұрғанның ата-анасы Нұрболат және Ғалия Нұрсейітовтермен кездесті.
Дінмұхаммедтің жас болса да, шұғыл әрі батыл, сауатты әрекет жасағанына ризашылығын білдірді. Баласына жақсы тәлім-тәрбие бергені үшін ата-анасына алғысын жеткізді.
Интерн маман оқуын әрі қарай үш жылдық резидентурада жалғастыруды жоспарлаған. Аймақ басшысы елдің атынан алғыс ретінде Дінмұхаммед Бектұрғанның оқу ақысы төленіп берілетінін айтты.
Сондай-ақ, бүгін Дінмұхаммед Бектұрған көрсеткен іс-әрекеті Денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамотасымен марапатталған болатын.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!