Бейсенбі, 26 желтоқсан, 20:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Облыс әкімі жылдың алғашқы күні жиын өткізді

02.01.2024

628 0

Сурет: Қызылорда облысының әкімдігі

Жылдың алғашқы күні облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев өңірдегі маңызды мәселелер талқыланған жедел мәжіліс өткізді.

Аймақ басшысы жауапты тұлғаларға мереке күндері коммуналдық қызметтердің тұрақты әрі қалыпты режимде жұмыс істеуін қатаң қадағалауды тапсырды.

Айта кетейік, коммуналдық қызметтердің күшейтілген режимде үздіксіз қызмет көрсетуін, қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын бақылауда ұстау мақсатында облыс аумағында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Демалыс күндері ешқандай оқыс оқиға орын алған жоқ. Аталған мәселелердің барлығы аймақ басшысының тікелей бақылауында болмақ.

Жиында құрылысы салынған нысандарды аяқтау мерзімі, шұғыл шешілуі тиіс мәселелер мен тапсырмаларды орындау барысы талқыланды.

Қала, аудан әкімдері мен облыстық басқарма басшылары алдағы жоспарлар мен міндеттерді іске асыруға әзірлік жұмыстарын пысықтауы тиіс. Атап айтқанда, құрылыс сапасы мен салынатын нысандардың дайындығы, аймақтағы қоғамдық-саяси ахуал және өзге де маңызды мәселелердің жай-күйі ұдайы бақылауда болуы керек.

©️Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: