Сәрсенбі, 19 қараша, 22:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№88, (2200)
18.11.2025
PDF мұрағаты

Облыс әкімі «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысымен кездесті

19.11.2025

44 0

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібекпен кездесті. Кездесуге жауапты сала басшылары қатысты. Аймақ басшысы партиямен бірлесіп атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарларды бөлісті.


«Облыс әкімдігі және «AMANAT» партиясының облыстық филиалы арасында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бағытында тығыз қарым-қатынас орнаған. Облыстық, қалалық және аудандық әкімдіктер жанындағы кеңестер мен комиссиялар құрамына қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуге қатысу үшін 100-ден астам партия мүшесі енгізілген. Олар жиындарда салмақты ойларын ортаға салып, тұшымды ұсыныс-пікір айтады.
«AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам», «Жер аманаты», «Ауыл аманаты» жобалары қарқынды жүзеге асырылуда. Мәселен, «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында 22 800 адам дайындық курсынан өтуі қажет болса, бүгінде олардың 69 %-ы, яғни 15 896 адам оқу курсына қатысты.
«Жер аманаты» жобасы шеңберінде биылға жоспарланған 60 000 гектар артығымен, яғни 66 791 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.
«Ауыл аманаты» жобасына 2025 жылға 1,1 млрд. теңге бөлініп, толығымен игерілді. Қосымша қаралған 1,1 млрд. теңге де мақсатқа сай жұмсалуда», – деді Н. Нәлібаев.


Дәулет Кәрібек Сыр өңірінде серпінді жүзеге асқан партияның жобалары, бастамалар, аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму бағдары туралы ойларын айтты.
Еске салайық, «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы XXXV кезектен тыс конференцияға қатысады. Сонымен қатар, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетіндегі білім беру процесіне жасанды интеллект технологияларын енгізу дағдысымен танысады деп жоспарлануда.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: