Бейсенбі, 20 қараша, 23:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№88, (2200)
18.11.2025
PDF мұрағаты

Облыс әкімі мемлекет және қоғам қайраткері Икрам Адырбековпен бірге жаңа нысандарды аралады

20.11.2025

47 0

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев мемлекет және қоғам қайраткері Икрам Адырбековпен бірге қаладағы нысандарды аралап, жұмысымен таныстырды. Атап айтсақ, Өнер орталығына, «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясына, жаңа жылу-электр орталығына барды.

Облыс әкімі мемлекет және қоғам қайраткері Икрам Адырбековпен бірге жаңа нысандарды аралады
Облыс әкімі мемлекет және қоғам қайраткері Икрам Адырбековпен бірге жаңа нысандарды аралады


Өнер орталығы – Қызылордада кейінгі жылдары салынған сәулетті ғимараттың бірі, мұнда симфониялық, эстрадалық және ұлттық өнер бағытындағы концерттік бағдарламалар, түрлі форматтағы қоғамдық іс-шаралар өткізіледі.

Облыс әкімі мемлекет және қоғам қайраткері Икрам Адырбековпен бірге жаңа нысандарды аралады

Балалар мен жасөспірімдерге арналған «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясы бір мезетте 500, тәулігіне 3 мың оқушыға дейін қабылдайды. Бассейн, топтық жаттығу, көркем гимнастика және фитнес, үстел ойындарына арналған, жекпе-жек залдары бар. Кескіндеме, сурет салу, резин арт бөлмесі, балалар шығармашылығы шеберханасы, сәндік-қолданбалы өнер, FabLab, дыбыс жазу студиясы, робототехника және жасанды интеллект, биотехнология, 3D модельдеу, киберспорт және математика кабинеттері жұмыс істейді.

Облыс әкімі мемлекет және қоғам қайраткері Икрам Адырбековпен бірге жаңа нысандарды аралады
Облыс әкімі мемлекет және қоғам қайраткері Икрам Адырбековпен бірге жаңа нысандарды аралады
Облыс әкімі мемлекет және қоғам қайраткері Икрам Адырбековпен бірге жаңа нысандарды аралады


«Акса Энерджи» түрік компаниясы салған жаңа жылу-электр орталығы 240 мегаватт электр қуатын, 277 гигакалория жылу энергиясын өндіреді. Жобаның жалпы құны – 215 млрд. теңге. Бюджет есебінен 15 млрд. теңгеге 45 шақырым газ құбыры жүргізілді. Бұл – Тәуелсіздік жылдарындағы инвестор қаржысына салынған теңдессіз жоба.
Икрам Адырбеков Сыр өңірі серпінді даму жолына түскенін, әлеуметтік-экономикалық, инфрақұрылымдық жобалардың сәтті жүзеге асқанын атап өтіп, алдағы бастамалардың да табысты болуына тілектестігін білдірді.

Облыс әкімі мемлекет және қоғам қайраткері Икрам Адырбековпен бірге жаңа нысандарды аралады
Облыс әкімі мемлекет және қоғам қайраткері Икрам Адырбековпен бірге жаңа нысандарды аралады

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: