Сенбі, 01 наурыз, 15:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№16,2129
01.03.2025
PDF мұрағаты

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың Алғыс айту күнімен құттықтауы

01.03.2025

11 0

Құрметті жерлестер!

Баршаңызды 1 наурыз – Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Алғыс айту күні – ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестіктің, өзара сенім мен құрметтің орнығуына негіз болатын мереке. Ырысты ынтымақ пен берекелі тіршілік салтанат құрған Сыр елінде осы күні жұртшылықтың бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп, ризашылық білдіруі дәстүрге айналды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы татулық, ынтымақ, достық сынды қастерлі құндылықтарды дәріптеу береке-бірлігімізді бекемдей түсетінін, мұның бәрі ұлтты ұйыстырудың ұтымды жолы екенін атап өтті. Елдік мүддені бәрінен биік қойып, жанашырлық, қамқорлық, мейірімділік сияқты асыл қасиеттерді сақтауға, өскелең ұрпақ бойына сіңіруге бағытталған елеулі еңбектеріңіз үшін барша сырбойылықтарға алғыс айтамын.

Әр отбасына бақ-береке, игілік тілеймін! Еліміз аман, ырыс-несібелеріңіз мол болсын!

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: