Жексенбі, 28 қыркүйек, 11:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№73, 2185
27.09.2025
PDF мұрағаты

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың Еңбек күнімен құттықтауы

28.09.2025

54 0

Қадірлі жерлестер!

Сіздерді Еңбек күнімен құттықтаймын! Бұл мереке жыл сайын қыркүйектің соңғы жексенбісінде еңбек етудің маңыздылығын және ел игілігі үшін жұмыс істейтіндердің үлесін лайықты бағалау үшін атап өтіледі.

Мемлекет басшысымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялап, «Еңбекқорлық – ең асыл қасиеттің бірі. Маңдай термен келген адал еңбектің қадірін білетін жұрт озық ойлы ұлт болады» деген еді.

Халқымыздың ұлы ғұламалары мен ойшылдарынан мұра болып қалған, ғасырлар қойнауынан бізге жеткен жыр-дастандарда, мақал-мәтелдерде еңбектің бақыт пен жақсылыққа жетелейтін қасиеті дәріптелген. Осы үлгі-өнегені бойына сіңірген, ұлы мұрат жолында адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы.

«Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатын өскелең ұрпақ санасына сіңіру, жан-жақты насихаттау, қарапайым еңбек адамдарын бағалау, дәріптеу – біздің басты міндетіміз!

Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен тағы да құттықтап, облысымыздың дамуына қосқан орасан зор үлестеріңіз үшін шынайы алғысымды, зор ризашылығымды білдіремін.

Еліміз аман, аспанымыз ашық болғай!

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: