Аяулы аналар!
Қымбатты арулар!
Сіздерді көктемнің шұғылалы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!
Елімізде нәзік жандыларға құрмет пен қошемет көрсетуге, қолдау мен қорғауға ерекше мән беріліп, мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының біріне айналды.
Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Әйел – шаңырақтың шырағы, ұлттың ұйытқысы. Ана – тіршілік пен берекенің бастауы, адамзат бойындағы бар ізгіліктің қайнар көзі. Ананың аялы алақаны мен шексіз мейірімі әр үйге жылылық береді», деген болатын.
Әлемге сүйіспеншілікпен қарайтын, жан-жағына жақсылық шарапатын сыйлап жүретін әйелдер қауымы қастерлі Отанымыздың, аймағымыздың өсіп-өркендеуіне белсенді атсалып келеді.
Ақылы мен ажары, даналығы мен даралығы келіскен қыз-келіншектер санасы сергек, ойы азат ұрпақ өсіріп, жоғары жетістіктерге қол жеткізуде.
Бойындағы мақсаткерлік пен жасампаздық қуатын батыл бастамаларды жүзеге асыруға жұмсаған, берік азаматтық ұстанымын танытып, қоғамдық жұмысқа бейжай қарамаған қыз-келіншектер де жұртшылықтың үлкен құрметіне бөленуде.
Аналары алаңсыз қоғамда балалар да бақытты өмір сүреді, отбасының береке-бірлігі де арта түседі. Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеген аналар қауымы ел ертеңіне нәр, тіршілікке әр беретін айрықша күшке ие.
Ізгі ниет пен сұлулыққа, жарасым мен сыйластыққа толы көктемнің шуақты мересінде баршаңызға зор денсаулық, шаңырақтарыңызға шаттық, қызметтеріңізге мол табыс тілеймін!
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
