Жексенбі, 05 қазан, 13:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№75,2187
04.10.2025
PDF мұрағаты

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың мұғалімдер күнімен құттықтауы

05.10.2025

54 0

Құрметті ұстаздар! Қадірлі білім саласының ардагерлері!

Баршаңызды Мұғалімдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!Мемлекет басшысымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Мұғалім – әр азамат үшін өте қадірлі тұлға. Ұстаз – тәлім-тәрбие мен білімнің қайнар көзі. Кез келген қоғамның кемелдігі, өркениеттілігі ұстазға деген қатынасымен өлшенеді», – деген болатын.Бұл – өскелең ұрпаққа тағылымды тәрбие, озық білім беру ісінде зор жауапкершілік арқалаған мәртебелі мамандық иелерінің төл мерекесі.

Сіздер бала оқыту арқылы болашағымыздың берік негізін қалап, Қазақстанның дамыған ел болуына аянбай қызмет етіп келесіздер.Шәкірттерін білім нәрімен сусындату, жақсы қасиеттерді бойына дарыту, адамгершілік рухта тәлім-тәрбие беруде ұстаздың еңбегі ерен.

Мұғалімнің мәртебесі қашанда бәрінен биік. Ұлы тұлғалардың өзі ұстазының алдында шәкірт болып қала береді.

Біздің барша жетістіктеріміздің бастауында әрдайым ардақты ұстаздарымыз тұрады.

Аса жауапты әрі қастерлі міндетті абыроймен атқарған барша ұстаздар қауымына Сыр жұртшылығының, Өзімнің атымнан зор ризашылығымды, шынайы алғысымды білдіремін.

Сіздерге мықты денсаулық, қажымас қайрат, сарқылмас шабыт, шаңырақтарыңызға бақ-береке тілеймін!Тәуелсіз еліміздің тұғыры биік, егемендігі еңселі болғай!

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: