Құрметті жерлестер!
Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Қазақ жерін мекен еткен сан алуан этностың мәдениеті, діні мен дәстүрі өзара үндесіп, бірегей өркениетке айналды. Біз бірлігімізді нығайтуға бар күш-жігерімізді жұмылдыруымыз керек. Бұл – әрбір азаматтың мәртебелі міндеті әрі перзенттік парызы», – деп атап өтті.Біздің барлық жетістіктеріміз бен жеңістеріміздің мызғымас тұғыры – татулық пен тұтастық. Түрлі этнос өкілдері бір шаңырақтың, бір тудың астынан табылып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне үлес қосуда.Бүгінде береке-бірлігі жарасқан Сыр өлкесінде 30-дан астам этнос өкілдері тұрады. Татулық пен келісімнің киелі шаңырағына айналған «Достық үйінде» 11 этномәдени бірлестік қызмет етуде. Жақында жалпыұлттық татулық пен келісімге тың серпін беретін озық архитектуралық үлгідегі жаңа «Достық үйінің» құрылысы басталды. Заманауи ғимарат жыл соңында ел игілігіне табысталады.
Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай өңірде 100-ден астам іс-шара ұйымдастырылады.
Бірлік пен ынтымақ мерекесінде баршаңызға денсаулық, отбасыларыңызға құт-береке, бақыт тілеймін!
Достық пен өзара түсіністік салтанат құрған егемен еліміздің іргесі берік болғай!
Береке-бірлігіміз арта берсін, ағайын!
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!