Сенбі, 01 наурыз, 15:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№16,2129
01.03.2025
PDF мұрағаты

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың Сыр елін Рамазан айының басталуымен құттықтауы

01.03.2025

10 0

Қадірлі жерлестер!

Баршаңызды күллі мұсылман жұртына ортақ мереке – Рамазан айының келуімен құттықтаймын!

Мың айдан да қадірлі Рамазан бізге шыдамды, сабырлы жанашыр, мейірімді, бауырмал болуды үйретеді. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Халқымыздың дүниетанымына сай дәстүрлі исламды дәріптеу аса маңызды. Оның ғылыми-теориялық негізін дамыту қажет. Өскелең ұрпақтың рухани тәрбиесін назардан тыс қалдыруға болмайды. Шын мәнінде бұл өте маңызды мәселе» деп атап өткен болатын. Жерлестеріміз жыл сайын 30 күн ораза ұстауға ниет етіп, ізгілікті істер мен әлеуметтік жобаларды бірлесе атқарып, береке-бірліктің жарқын үлгісін көрсетіп келеді. Бұл айда азаматтарымыз рухани толысуға жетелейтін амалдарды орындап, садақа беріп, қамкөңіл жандарға қол ұшын созып, игі істерге бастамашы болады деп сенемін.

Қадірлі Сыр жұртшылығы! Биылғы Рамазан айы Табиғат-ананың жаңару кезеңімен сабақтаса келді, бұл – жақсылықтың, ізгіліктің нышаны. Шын көңілмен, ықылас-ниетпен ұстаған оразаларыңыз қабыл болып, құлшылықпен өткізген әрбір күндеріңіз берекеге толсын!

Ел іргесі бүтін, тәуелсіздігіміз баянды болғай! Рамазан айы мүбәрәк болсын!

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: