Жексенбі, 21 желтоқсан, 16:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97 (2209)
20.12.2025
PDF мұрағаты

Облыс әкімі «Петро Қазақстан Инк» компаниясының президентімен кездесті

21.12.2025

45 0

Фото: Облыс әкімдігі

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Петро Қазақстан Инк» компаниясының президенті Чэнь Даю, «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ басқарма төрағасы Чжао Сяоминмен кездесті. Аймақ басшысы атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарларды да атап өтті.


​«Петро Қазақстан Инк» компаниясының мұнай-газ секторында ғана емес, облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуында да ерекше үлесі бар.
Жұмыс орындарын сақтау, заманауи технологияларды енгізу және экология мәселелеріне жауапкершілікпен қарау біз үшін өзекті болып қала береді.
Компания қолданыстағы 10 келісімшарт негізінде Оңтүстік Торғай бассейнінің бірнеше кен орнында көмірсутек өндіреді. Қазіргі уақытта кен орындарының көпшілігі өндірудің соңғы сатысында және қалдық қорды өндіру қиынға соғуда.
Осыған байланысты тек қолданыстағы келісімшарттық аумақтарда ғана емес, жаңа перспективалық учаскелерде де барлауды бастау керек.
Өңірдегі «Айдан мұнай», «Сибу Қызылорда», «ҚуатАмлонМұнай» және т.б. мұнай компанияларының қызметкерлері жалақы көлеміне, еңбек жағдайына жүйелі түрде наразылық білдіруде. Халықтың әл-ауқатын арттыруға және қоғамдағы әлеуметтік шиеленісті болдырмауға бағытталған оңтайлы шешімдер қабылдау – біздің басты міндетіміз. Бұл ретте Сіз басқаратын компаниялар тобы қызметкерлерінің еңбек жағдайын жақсартуда тиісті шаралар қабылдау қажет.
Үкімет газ тапшылығын болдырмау мақсатында газ кен орындарын дамытуға ерекше назар аударуда. Өңір үшін мәселенің маңыздылығын ескеріп, басқа компаниялардың ресурстарынан газ құбырын жүргізу жобасын іске асыру мүмкіндігін қарастыруыңызды сұраймын.
Облыста жаңартылатын энергетика белсенді дамып келеді, жалпы қуаты 89 мегаватт болатын 9 күн-электр станциясы жұмыс істейді. Жақын арада 7 күн және 2 жел-электр станциясын іске қосу жоспарланған. Жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды да басты назарда ұстауды ұсынамыз», – деді Н.Нәлібаев.


Кездесуде компания президенті көтерілген мәселелердің шешіміне қатысты ұсыныстарды қолдайтынын жеткізді.
Айта кетейік, «Петро Қазақстан Инк» компаниялар тобына облыс аумағындағы мұнай-газ кен орындарын игеретін 6 компания кіреді. Атап айтсақ, «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз», «Торғай Петролеум» АҚ, «Қазгермұнай», «Көлжан», «Тұзкөл Мұнайгаз Оперейтинг» ЖШС және «ПКВИ» Қызылорда филиалы.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: