Сәрсенбі, 14 мамыр, 17:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35,2148
13.05.2025
PDF мұрағаты

Облыс әкімі Қазақстанның Халық әртісі Досхан Жолжақсыновпен кездесті

14.05.2025

74 0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қазақстанның Халық әртісі, Қырғыз Республикасының Еңбек сіңірген әртісі, екі мәрте Мемлекеттік сыйлықтың және «Құрмет» орденінің иегері Досхан Жолжақсынов және жұбайы Қарагөз Сүлейменовамен кездесті.

Басқосуда аймақ басшысы Сыр еліне гастрольдік сапармен келген өнер иесіне алғысын білдіріп, мәдениет пен руханият саласындағы жұмыстарға тоқталды.

Айта кетейік, 12-15 мамыр аралығында Қызылорда облысында «Алатау» дәстүрлі өнер театрының гастрольдік сапары өтеді. Досхан Жолжақсынов пен Қаракөз Сүлейменова бастап келген өнер сапарына 80-нен астам әртіс қатысуда. «Алатау» Орталық Азиядағы жалғыз дәстүрлі өнер театры ретінде қазақ классиктерінің шығармаларын сахналап, саф өнерді жоғары белеске көтеріп келеді. Қазақ жерінде қа¬лыптасқан әншілік, күйшілік, жыршылық мектептерді әрі қарай дамытып, насихаттаумен де жүйелі түрде айналысады. Театр ұжымы ауқымды шараларымен, жаңа премьераларымен халықаралық шараларға қатысып, еліміздегі және халықаралық мәдени байланыстарға, ұлттық өнер саласына елеулі үлес қосты.

Театр туындылары Қызылорда қаласында, Шиелі және Жаңақорған аудандарында қойылады деп жоспарлануда.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: