Дүйсенбі, 09 маусым, 20:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№41 -2154
03.06.2025
PDF мұрағаты

Облыс әкімі «Саутс ойл» компаниясының басшысымен кездесті 

09.06.2025

43 0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Саутс ойл» мұнай компаниясының басшысы Серікжан Сейтжановпен кездесті.

Кездесуде бірлесіп атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар сөз болды.

«Күн сайын жаңарып, жасарған Сыр өңірінің жаңа келбетіне көрік берген музыкалық колледждің жаңа ғимаратын салуға демеушілік жасап, қолдау көрсеткеніңіз үшін барша Сыр жұртшылығының, өзімнің атымнан шынайы ризашылығымды білдіремін.

Ел игілігі жолындағы барлық бастамаңызға сәттілік тілеймін.

Алдағы уақытта да бірлесіп жұмыс атқарамыз деп сенемін», – деді Н.Нәлібаев.

Сол жағалаудан жаңадан ашылған музыкалық колледждің ғимаратында студенттерге барлық жағдай жасалған.

Үлкен концерт, би залдары, хор бөлмесі бар. Кең музыкалық пәндік кабинеттер жаңа заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған.

Барлық материалдық-техникалық базасы заман талабына сай келетін 200 орындық жатақхана шалғай елді мекендерден келген жас өрендерді қабылдауға дайын.

Мемлекет басшысының «Туған жерді бірге түлетейік!» үндеуі аясында кәсіпкер-меценаттар, қоғамдық қорлар бастамаларға белсенді араласып, Сыр өңірін көркейтуге өз үлестерін қосуда.

Бүгінде аймағымызда демеушілікпен 55 млрд. теңгеден астам қаржыға жаңа жобалар жүзеге асуда.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: