Жексенбі, 22 желтоқсан, 21:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Облыс әкімі тұрғындардың мәселелерін тыңдады

31.10.2023

544 0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарды қабылдап, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Бүгінгі жеке қабылдауға 10 адам келді.

Қабылдауға жазылғандарды толғандыратын түйткілдердің негізгілері – тұрғын үй алу, жол, жарықтандыру, жұмысқа орналасу және кәсіп ашу.

Облыс әкімі қабылдауға келушінің әрбірінің қойған сауалы жіті зерттелетінін айтты. Шешімін қарастыруда ең алдымен заң талаптары ескеріліп, негізге алынады. Кейбір сұрақтар бойынша жауапты тұлғалар сол жерде заң аясында түсіндірме беріп, шешу жолдарын ұсынды.

81 жастағы қала тұрғыны «Абзал и К» ТС маңындағы 4 көшеде жарық, су, асфальт, ойын алаңы жоқ екенін, тазалық мәселелерін қозғады. Қала әкіміне аталған шағын ауданға барып, жағдаймен жіті танысу жөнінде тапсырма берілді.
Саяжай аумағының 58 жастағы тұрғыны қалаға қатынаудың қиындығын алға тартып, тұрақты қоғамдық көлік маршрутын ұйымдастыруды сұрады. Оның өтініші бойынша таңертең және кешкі уақытта арнайы бағыт ашылатын болды.

Ал, әлеуметтік көмек сұрап келушілерге бұл мәселені арнайы комиссия заң аясында қарайтыны айтылды.

Еске салайық, тұрғындар облыс әкімінің қабылдауына egov.порталы, е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш тастау арқылы жазыла алады.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: