“Таза Қазақстан” республикалық экологиялық бағдарламасы аясында аймақта жаппай сенбілік жалғасуда. Барлық елді мекенде санитарлық тазарту, абаттандыру және көркейту жұмыстары атқарылды.

Бүгінгі күнге тазалық шараларына 420 мыңнан астам
ерікті, қоғам қайраткерлері, бюджет саласы мен кәсіпорын қызметкерлері қатысты. Жұмыс барысында 18 мың тоннадан астам қоқыс қалдықтары шығарылып, өңірдегі 510 сквер мен парк, 256 тарихи-мәдени ескерткіш, 1019 әлеуметтік нысан (мектептер, балабақшалар, спорт, денсаулық сақтау және т.б.), 3 548 өнеркәсіп және бизнес нысаны, 332 су объектісі (өзендер, көлдер, жасанды су айдындары, субұрқақтар, арықтар және т.б), мен 39 894 көше бойы (9 525 көпқабатты үй мен 30 369 жер үй ауласы) тазартылды. Оған 540-тан аса техника жұмылдырылды.
Жыл басынан бері климатқа жерсінетін 255 500 түп қарағаш, терек және Сыр талының көшеті егілді.
Республикалық бағдарлама аясындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.


Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!