Сейсенбі, 09 желтоқсан, 19:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94 (2206)
09.12.2025
PDF мұрағаты

Облыстық мәслихаттың кезекті XXVII сессиясы өтті

09.12.2025

26 0

Фото: Облыс әкімдігі

Бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналиновтың қатысуымен облыстық мәслихаттың кезекті XXVII сессиясы өтті. Мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, депутаттар мен жауапты сала басшылары қатысқан сессияның күн тәртібінде 19 мәселе қаралды.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары аймақ экономикасын әртараптандыруға, тұрғындардың тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған серпінді жобалар туралы айтып өтті.


«Өткен 10 айдың қорытындысына қарағанда, аймақтың макроэкономикалық көрсеткіштерінің өсімі бар. Жалпы өңірлік өнім көлемі 3 трлн. теңгеден асады деп күтілуде.
Соңғы үш жылда 1 триллион 600 млрд. теңге инвестиция тартылды. Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауымен облыс бюджеті 851 млрд. 300 млн. теңгеге жетіп, 2022 жылдан бері 233 пайызға өсті. Оның 56 пайызы әлеуметтік салаға бағытталды.
Даму бюджетінің көлемі 2021 жылы 47 млрд. теңге болса, биыл 207 млрд. теңгеге жетіп, 4,4 есеге артты. Бұл қаражат аймағымыздың ең өзекті деген мәселелерін шешуге, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға, жаңа инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға бағытталды.
Биыл 2023-2025 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің қолданылу мерзімі аяқталады. Осыған байланысты, 2025 жылдың 8 желтоқсанында Мемлекет басшысы «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы 2026-2028 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» және «2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңдарға қол қойды.
Осыған сәйкес алдағы үш жылдық кезеңге, яғни 2026-2028 жылдарға арналған бюджет параметрлері айқындалып, бүгінгі мәслихат сессиясында екі маңызды құжат «2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» және «Облыстық және аудандық бюджеттер, облыстық маңызы бар қала бюджеті арасындағы 2026-2028 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының шешімдері бекітіледі», – деді Д. Жаналинов.

Алдағы уақытта қаржыландырудың барлық көзінен халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, қала мен ауылдардың сәулеттік келбетін жаңартуға, заманауи ғимараттар салуға бағытталған жаңа жобалар жалғасады.
Сессияда мәслихат депутаттары ұсыныстарын жеткізіп, қаралған маңызды құжаттардың өңір дамуындағы маңызын атап өтті.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: