Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі АҚШ-та заңсыз жүрген отандастарымызға тағы да ескерту жасады, – деп хабарлайды kz.kursiv.media.
СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров АҚШ-тағы ел азаматтары бұл мүмкіндікті пайдаланбаса, олар мәжбүрлі депортацияға ұшырауы мүмкін екенін айтады.
«АҚШ-тың аумағында жүрген азаматтарға бір ғана кеңес, өз еркілеріңізбен АҚШ аумағынан шыққандарыңыз дұрыс болады. Өйткені егер сіздер көші-қон полициясының қолына түссеңіздер, онда сізге сол елге кіруге кейін тыйым салынады. Одан да өздеріңіз шығып, Қазақстанға келіп, визаға немесе грин-картаға заңды түрде құжат тапсыру керек»,– деді Смадияров.
Қазіргі уақытта Қазақстанның Америка Құрама штаттарындағы консулдық есебінде шамамен 25 мың отандасымыз тіркелген. Ал сол елде қанша қазақстандықтың заңсыз жүргені туралы нақты мәлімет жоқ. Бұған дейін ел азаматтарының виза тәртібін бұзу оқиғалары тіркелген болатын.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!