Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы лауазымына Талғат Ғазизовке өз лауазымына лайық екенін дәлелдеу үшін нәтиже көрсету керектігін ескертті, – деп хабарлайды KAZINFORM
– Талғат Жанатұлы, сіз осы қызметке жаңадан келіп отырсыз. Бірақ соған қарамастан өзіңізден нақты нәтиже күтеміз. Нәтиже болса, әрі қарай жұмыс істей бересіз. Нәтиже болмаса, қоштасамыз, Келістік пе, – деді Олжас Бектенов.
Айта кетейік, бүгін Үкімет отырысында Министрлер кабинетінің мүшелері туризмді дамыту мәселелерін қарап жатыр.
Сонымен қатар 2026-2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын пысықтайды.
Отырыс қорытындысында баспасөз мәслихаты өтеді. Онда Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов пен Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап береді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
