Сәрсенбі, 16 сәуiр, 16:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№27, 2140
15.04.2025
PDF мұрағаты

Олжас Бектенов өңір әкімдеріне өрт қаупі жоғары кезеңге дайындық жұмыстарын қамтамасыз етуді тапсырды

16.04.2025

111 0

Фото: Үкімет телеграм арнасынан

Үкімет отырысы барысында ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Қазгидрометтің жаз мезгілі ыстық әрі құрғақ болады деген болжамын ескере отырып, өрт қаупі жоғары кезеңдегі барлық қызмет шұғыл қимылдап, үйлесімді әрекет етуі маңызды екенін баса айтты. Дайындықшараларыжеткіліксізболғанаймақтарғаерекшеназараударылды.

«Тексеріс көрсеткендей, Табиғи өрттердің алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралар жоспары барлық өңірде бірдей тиісті деңгейде іске асырылып отырған жоқ. Жамбыл, Қостанай, Түркістан, Ақтөбе, Қарағанды, Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарындағы елді мекендердің айналасынан минералды белдеу жасау жұмыстары басталмаған. Далалы жерлерде, орманда өрт шығатын болса, бұл ауылдарға тікелей қауіп төнеді. Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Ұлытау облыстарында елді мекендердің аумағын қураған шөптер мен қоқыстардан тазарту жұмыстары әлі күнге дейін жүргізілмеген. Одан бөлек, Ақтөбе, Павлодар, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Түркістан, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының орман мекемелері өрт қаупі жоғары кезеңге дайын емес. Осыған байланысты өңір әкімдеріне биылғы маусымға дайындық жұмыстарын күшейтуді және бұл мәселені тікелей бақылауға алуды тапсырамын»,– деп атап өтті Олжас Бектенов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: