Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 02:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Онкологияға күдік бар». Төреғали Төреәлінің қарындасы Түркияға емделуге кеткенін айтты

17.11.2023

916 0

Қазақ эстрадасының жұлдызы Төреғали Төреәлінің қарындасы желіде денсаулығы сыр бергенін айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Фариза Төреәлі бүгінде Түркияда онкология бойынша тексеріліп жатқаны туралы ол өзінің instagram парақшасында жариялады. Бұл жағдайды білген бойда блогердің күйеуі Дархан Нортаев оның денсаулығын тексерту үшін Түркияға алып кеткен.

«Неден бастарымды білмей тұрмын. Бірақ, бөліскім келіп тұр. Бәрін толық айта алмасам да, шет жағасын біліп жүріңіздер. Неге қуанышты сәттерімді бөлісе беремін дедім өзіме. Сіздер менің екінші отбасым, әрқашан қолдайсыздар, бірге қуанасыздар, бірге көп сәттерді бастан өткізіп келеміз. Қазір де кішігірім сынақтан өтіп жатырмын. Алланың мейірімі сондай шексіз, не болса да қабылдаймын. Онкология бойынша диагностикаға келдім. Елде нақты ештеңе айта алмады, бірақ өзгерістер бар екен. Нейроэндокриндік ісікке күдік бар, тексерілу керек. Аздап мән бермей жүрген едім. Дархан жай қалдыруға болмайды деп қатты кірісті. Тіпті маған айтпай Стамбулға билет алып қойыпты», – дейді Фариза Төреәлі. 

Ол бастапқыда жақындарын уайымдатқысы келмей, оларға айтпай жүрген. Алайда кейіннен бөлісуді жөн көрді. Ағасы мен жеңгесі Түркиядағы жоғары деңгейдегі емханаларды таңдап берген.

«Елде тексерілеміз деп қанша күн сандалдық. «Бұлай болмайды» деп Дархан барлық жолдарын қарастырды. Жарыма алғысым шексіз. Маған білдірмей, көңілі босап жүргенін байқадым. Әлем бойынша мықты онколог екен. Жақында Германиядан келіпті. Барлық анализдерді тапсырдық. Қан мен биопсия анализдерін салыстырады. Енді үш-төрт күннен кейін нәтижелері белгілі болады. Шок болып жүрмін. Бұның барлығы менімен болып жатпаған секілді. Басында түк елемедім», – деп жазды Фариза. 

Ақпарат дереккөзі:

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: